11:22, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Өткен тәулікте республика бойынша 3 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарын 1 адам қаза тапты
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика бойынша 3 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарын 1 адам қаза тапса, 7-еуі ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Мамырдың 28-інде Шымкентте, автотұрақта тұрған КамАЗ-дың дөңгелегін ауыстырып жатқан екі азаматтың бірі оқыс оқиға салдарынан мерт болса, екіншісі ауруханаға жеткізілген.
Сол күні Омбы-Майқапшағай автожолының 1005-ші шақырымында, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылынан 2 шақырым жерде «Опель» автомобилі аударылған. Оқиға салдарынан көліктің 3 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.
Ал Астана-Павлодар күре жолының бойында «Ауди» мен «Фольксваген» машиналары соқтығысып қалған. Жол- көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екінші көліктің 2 жолаушысы ауруханаға жеткізілген.