Өткен тәулікте республика өзендерінде үш адам суға кетті
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Өткен күндері, маусымның 10-ы мен 11-інде Қазақстан көлдерін үш адам батып кетті,
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ ақпараты бойынша, бейсенбі, маусымның 10-ы күні сағат 14.10-да Көктал шағынауданы Есіл өзенінде шомылып жүрген 14 жасар қыз бала суға батып кеткен.
Сағат 18.30-да Ақтөбенің қалалық жағажайында, тұрғын үй қалашығы маңында Ілек өзеніне 32 жастағы ер адам ағып кеткен.
Ал Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақын ауданы Куприяновка ауылында Есіл өзеніне шомылып жүрген 41 жастағы ер адам сағат 17.00-де суға батып, мерт болды.