Өткен тәулікте республика жолдарында болған жол апаттары 10 адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республиканың автокөлік жолдарында орын алған 4 жол-көлік апатының салдарынан 10 адам қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
«Тойота» автокөлігінің аударылуы себепті 8 адамның өліміне әкеп соқтырған апат Қарағанды облысы, Балқаш қаласында, Алматы-Екатеринбор автожолының 704 шақырымында таңғы 4 сағат 10 минутта орын алды. Тағы 3 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Адамдардың тұлғалары анықталуда.
Астана қаласында таңғы 2 сағат 15 минутта «Мазда» және «Мицубиси» автокөліктердің соқтығысуынан, бірінші көліктің жүргізушісі ауруханада көз жұмса, екінші жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Алматы қаласы, Жетісу ауданының Рысқұлов және Бөкейхан даңғылдарының қиылысында қазанның 13-де, 22 сағат 50 минутта «БМВ» және «Газель» автокөліктері соқтығысып қалды. Нәтижесінде, «БМВ» жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, оның екі жолаушысы мен «Газельдің» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.