Өткен тәулікте республика жолдарында ірі жол апаттары орын алды

АСТАНА.  Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні  сағат 08.00-де,    Алматы-Бішкек  тас жолының 22-ші шақырымында      30 жастағы жүргізуші    көлігімен  ағашқа  соқтығысты, 

Өткен тәулікте  республика жолдарында   ірі  жол апаттары   орын алды

 деп      хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Апат салдарынан    жүргізуші мен оның екі  жолаушысы  оқиға орнында   көз жұмды.    Ведомствоның ақпараты  бойынша, көлік салонында 5   және 1 жастағы   екі    бала болған. Олар да түрлі  жарақатпен  ауруханаға   түсті.

Кеше сондай-ақ  Алматы-Ташкент  тас жолының 526-шы   шақырымында   үлкен жол  апаты  орын  алды.    «ВАЗ»  және  «Тойота» көліктерінің соқтығысуы  салдарынан  алғашқы көліктің  жүргізушісі мен  жолаушысы  оқиға орнында мерт болды.  «ВАЗ»  көлігінің  тағы үш жолаушысы мен  «Тойотаның   жүргізушісі мен  екі жолаушысы  түрлі жарақатпен ауруханаға   түсті.