Өткен тәулікте республикада 9 адам суға кетті
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республикада суға батып кеткен 9 адамның мүрдесі жағаға шығарылды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы облысында бес шомылушының мүрдесі анықталды. Қайғылы оқиғалар Алакөл ауданындағы Алакөл көлінде, Қапшағай қаласының Қапшағай су қоймасында және Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінде орын алған. Судан ажал тапқандар - 27, 65, 53 және 45 жастағы ер адамдар.
Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласының Самарқан су қоймасы мен Нұра ауданындағы Көкпекті өзенінде 58 және 39 жастағы екі ер адам суға батып кетті.
Ақтөбеде Елек өзенінен 38 жастағы ер адамның мүрдесі жағаға шығарылды.
Астанадағы Есіл өзенде суға батып кеткен 30 жастағы ер адамның мүрдесі жағаға шығарылды.