Өткен тәулікте республикада екі адам суға батып кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде республиканың өзендері мен су қоймаларында адам өліміне алып келген 2 қайғылы оқиға тіркелді.
None
None

Суға шомылу кезінде ересек адам мен 5 жасар қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бірінші төтенше оқиға Қарағанды облысы Абай ауданындағы Топар елді мекеніне жақын орналасқан Шерубай-Нұра су қоймасында орын алды. Бұл жерде балық аулау кезінде 60 жастағы ер азамат суға батып кетті. ҚР ТЖМ хабарлағандай, «қаза тапқан азаматтың мәйіті тамыздың 13-інде сағат 08.35 минутта ТЖМ суда құтқару қызметі қызметкерлерінің күшімен шығарылды».

Келесі бір қайғылы оқиға Алматы облысы Талғар қаласындағы өзенде болды. 2005 жылғы қыз бала абайсызда батып кетті. ҚР ТЖМ хабарлағандай, суға кеткен қыздың денесі әлі күнге іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар