Өткен тәулікте республикада өрттен 5 адам құрбан болып, 3-еуі зардап шекті

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика аумағында болған өрт оқиғаларында 5 адам құрбан болып, 3-еуі зардап шекті,

Өткен тәулікте республикада өрттен 5 адам құрбан болып, 3-еуі зардап шекті

деп хабарлады бейсенбі, қаңтардың 28-і күні ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Өрт оқиғаларының бірі Астана қаласында Промышленный кентінде орналасқан «Икарус» бағбандық қоғамдастығындағы тұрғын үйде болды. 60 шаршы метр аумаққа тараған жалынды сөндіру барысында құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты.

Тағы екі оқиға Қарағанды облысының Теміртау қаласында тіркелді. Олардың бірінде тілсіз жау 4 жастағы екі баланың өмірін қиып кетті. Сондай-ақ осы күні «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның №3-ші цехында 21 сағат 54 минутта 200 шаршы метр аумақта өрт шығып, оның салдарынан 51 жастағы қалайылаушы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысы Булаево ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде болған өрттен 1967 жылы туған азамат мерт болды.