Өткен тәулікте республиканың су қоймаларында 4 адам батып кетті
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республиканың су қоймаларында 4 адам батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеше Алматы қаласында Үлкен Алматы өзеніне шомылған 28-30 жастағы әйел батып кетті. Сонымен қатар Алматы облысының Іле ауданында екі қайғылы оқиға орын алды. Бірінші оқиға кезінде Локатор өзеніне шомылған аты-жөні белгісіз 30-35 жастағы әйел суға кетсе, Қараой көлінде де әйел адам батып кетті.
Ал төртінші оқиға Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орын алды. Кеше күндіз Балқаш көліне шомылған 52 жастағы азамат тұншығып өлді.
Суға кеткен адамдардың денесін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.