Өткен тәулікте шетелден Қазақстанға 3,2 мың жолаушы ұшып келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 мамыр күні Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Германия, Грузия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен тәулікте елімізге барлығы 3 253 авиажолаушы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 882 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 587 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 411 жолаушы;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 187 жолаушы;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 128 жолаушы;
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 58 жолаушы
«Барлық жолаушыда COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтама болған», - деді комитеттен.