Өткен тәулікте Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан тағы бес адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өткен тәулікте«Самсоновка-Новотроицкое» тас жолында қар құрсауында қалып қойған тағы бес адамды құтқарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Төтенше жағдалар ведомствосынан хабарлағанындай, құтқарылған адамдардың арасында бір бала мен жүкті әйел болған. Бүгін облыстағы барлық жолдарда қозғалыс ашылды. Бұрқасынның салдарынан, тек «Өскемен -Зырянов» жолы ғана жабық. Ұлан ауданында Екатериновка, Қызылсу ауылдарына апаратын жергілікті жолдар бүкіл қыс мезгіліне жабылып отыр. Жергілікті халық салт көлікпен қатынауда. Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәулікте қар жаумайды. Ауаның температурасы түнде 25-30 градус, күндіз 15-20 градус шамасында болады.
Соңғы жаңалықтар