Өткен тәулікте үш адам суға кетті - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Республика тоғандарында өткен тәулікте үш адам суға батып кетті,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Қызылордада Шикерлі арнасында кеше, шілденің 27-сі күні сағат 18.50-де суға шомылу кезінде екі адам: 41 жастағы ер азамат пен 32 жастағы әйел суға батып кеткен. Олардың денелерін судағы құтқару қызметтері іздестіруде.
Кеше сондай-ақ, сағат 20.38-де Қызылордада, Сырдария өзенінде 22 жастағы жігіт суға кеткен. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.