Өткен тәулікте жол-көлік оқиғаларында 1 адам құрбан болып, 10-ы зардап шекті

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республикада орын алған жол-көлік апаттарында 1 адам құрбан болып, тағы 10-ы түрлі дене жарақаттарын алды,

Өткен тәулікте жол-көлік оқиғаларында 1 адам құрбан болып, 10-ы зардап шекті

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, қаңтардың 14-і күні сағат 21.00-де Маңғыстау облысы Жаңаөзен-Ақтау тас жолының 35-ші шақырымында «Опель» және екі «Мазда» автокөліктерінің соқтығысуы болып, оның салдарынан «Мазда» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, екінші көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданынан шығатын Челябі-Жаңасібір автожолының 567-ші шақырымында «Мазда» және «БМВ» автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында 4 адам зардап шегіп, олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабұлақ ауылында «Дейво» және «Тико» көліктері ауылдың ішкі жолын бөлісе алмай, соның салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы, оның ішінде 3 жасар бала ауруханаға түсті.