Өткен тәулікте жол-көлік оқиғаларында 12 адам зардап шекті, соның ішінде 4 адам қаза тапты - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте жол-көлік оқиғаларында 12 адам зардап шекті, cоның ішінде төрт адам қаза тапты,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда Шемякин және Беляков көшелерінің қиылысында, шілденің 26-сы күні сағат 21.00-де «Дэу» автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмады.
Кеше сондай-ақ сағат 17.30-да Петропавл-Астана тас жолының 217-ші шақырымында «Тойота» және «Ауди» жеңіл көліктері соқтығысып қалып, жапон көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмады, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға түседі.
Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолының 40-шы шақырымында да кеше сағат 14.00-де жол апаты орын алды. «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі ағашқа соғылып, оқиға салдарынан оның 21 жастағы жолаушысы көз жұмады.
Ал Самара-Шымкент тас жолының 354-ші шақырымында кеше сағат 13.00-те «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алып, оқиға салдарынан жүргізуші көз жұмады, екі жолаушы ауруханаға түседі.
Маңғыстау облысында Ақтау-Жетібай жолының 75-ші шақырымында сағат 13.30-да «Мазда» және «Ниссан» көліктері соқтығысып қалып, оқиға салдарынан «Мазданың» жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға түсті.