Өткен тәуліктерде ел аймақтарында өрт салдарынан үш адам құрбан болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәуліктерде ел аймақтарында өрт салдарынан үш адам қаза болды, біреуі зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өткен тәуліктерде ел аймақтарында өрт салдарынан үш адам құрбан болды

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының Жайсаң ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 3 адамы жұмылдырылды. 25 шаршы метр аумақ отқа оранды. Оқиға орнынан 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Жамбыл облысының Талас ауданы Қаратау қаласында «Флора» саяжай алабындағы үйде өрт болды. Өртке қарсы қызмет өкілдері оқиға орнына шақырылған жоқ. 4 шаршы метр жер отқа оранды. 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Жамбыл облысы Тараз қаласының Шөлдала ауылында «Ветеран» саяжай алабындағы үйде өрт шықты. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 9 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 64 жастағы ер адам денесіндегі күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Павлодар облысының Қашыр ауданы Успенка ауылында жекеменшік үйде өрт тұтанды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 3 адамы жұмылдырылды. Жалынға оранған аумақ 20 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды.