Өткен тәуліктерде Қазақстанның 3 мың гектарға жуық далалы алқабы өртке оранды - ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Өткен тәуліктерде Қазақстанның 3 мың гектарға жуық далалы алқабы өртке оранды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Атап айтқанда, Ақмола облысында - 60, Ақтөбеде - 1300, Батыс Қазақстанда - 991, Павлодарда - 250, Солтүстік Қазақстанда - 45 және Оңтүстік Қазақстанда - 190 га алқап күлге айналды.

Ірі өрттер Ақтөбе облысында орын алды. Мәселен, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылында 700 гектар жер жанса, Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің Көптоғай кентінде 100 гектар аумақта болған өрт дайындалған 1500 тең шөпті жойды.

Ал БҚО, Қазталов ауданы, Қазтол ауылдық округінің бірқатар елді-мекендерінде қыркүйектің өткен 5-і күні шыққан жалынды, қыркүйектің 7-сі күні таңсәріде 991 га аумақта ауыздықтау мүмкін болды. Тілсіз жау дайындалған 74 тең шөпті жойды.

ТЖМ-нан анықтағандай, төтенше оқиғалар салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар