Өткен тәуліктерде республика өңірлерінде қар құрсауынан 72 адам шығарылды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республиканың үш облысында қар құрсауынан 72 адам шығарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ақмола облысының Аршалы ауданында «Алматы-Екатеринбург» жолының бойындағы Ижевское ауылының маңында Ақмола облысының ТЖД күшімен қар құрсауынан «УАЗ» автокөлігі шығарылды.

Қостанай облысында ТЖ бөлімінің күшімен «Арқалық-Жолдана» жолының 25-шақырымында қарда тұрып қалған 3 жолаушысы бар «УАЗ» автокөлігіне көмек көрсетілді, оның ішінде біреуі жас сәби. Сонымен бірге Арқалық қаласының ТЖ бөлімі күшімен Терсақан ауылының маңында қар құрсауында қалған «КамАЗ» шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облысының Осакаров ауданында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1107 шақырымында қалған 22 адам ТЖД күшімен Осакаровка ауылына қауіпсіз жерге жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар