Өткен түнде елорда көшелерінен 3377 текше метр қар шығарылды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласы тазалығын қыс мезгілінде қамтамасыз етумен «Астана Тазалық» кәсіпорны айналысады. Елорданың реми сайтының мәліметінше, бірінші кезекте оның міндетіне қар тазалап, жиналған қарды арнайы күресінге тасып шығару, сондай-ақ, елорда көшелеріндегі жолдар мен тротуарларға көктайғақта арнайы дайындалған қоспалар төгу жатады.
None
None

«Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Әзімбек Басқанбаевтың айтуынша, өткен түнде қала көшелерінен 3377 текше метр қар шығарылды. Атап айтқанда, Сарыарқа ауданынан - 978, Алматы ауданынан - 985, Есіл ауданынан - 1414 текше метр қар тасылды.

Бас директордың сөзіне қарағанда, көктайғаққа қарсы қала көшелеріне 228 текше метр құм мен тұз араласқан қоспа себілді. Оның 73 текше метрі - Сарыарқа ауданына, 101 текше метрі - Алматы ауданына, ал, 108 текше метрі Есіл ауданы жолдарына пайдаланылды.

Жұмыс барысында 243 арнайы техника бірлігі жұмылдырылған екен.  Сарыарқа ауданына - 74 машина, Алматы ауданына - 78, Есіл ауданына - 91 машина жөнелтілді. «Қарды қаладан тасып шығару үшін бір ауысымда қосымша 150 - 200 КамАЗ жалға алынады», - деді Әзімбек Басқанбаев.

Соңғы жаңалықтар