Өткен түнде Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының салдарынан үш адам қаза тапты

ТАРАЗ.  Тамыздың  21-і.  ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында  бір түнде  екі  үлкен жол  апаты    орын алды,     зардап шеккендер бар,  деп   хабарлады   облыстық  Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Өткен түнде Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының салдарынан үш   адам қаза тапты

Тамыздың  20-сына қараған  түні Алматы-Ташкент тас жолының 575-ші шақырымында,  Жуалы  ауданының  аудан орталығы  Бауыржан  Момышұлы кентінің   тұсында   «Ниссан-Сефиро»   көлігінің   жүргізушісі       жолдың  қарсы бетіне  шығып  кетіп, «КамАЗ» көлігімен соқтығысып қалды.     Оқиға салдарынан  жеңіл көліктің  жүргізушісі,   Жуалы ауданы прокурорының  аға  көмекшісі    мен оның  34 жастағы  жолаушысы -  ауыл мектебінің директоры оқиға орнында    көз жұмды. Тағы бір  жолаушы   түрлі  жарақатпен аудандық ауруханаға түсті.  «КамАЗ»  жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының 38 жастағы  тұрғыны    зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ кеше Қордай  ауданында Алматы-Ташкент  тас жолының 168-ші  шақырымында   «Фольксваген Т-4» машинасының  34 жастағы жүргізушісі рульге ие  бола алмай,  «КамАЗ-5410»  көлігімен соқтығысқан.    Оқиға салдарынан      жеңіл көліктің   жолаушысы,  30 жастағы  әйел   ауруханада  көз жұмған.

Екі  оқиға бойынша     сараптама  тағайындалып,  тексеру  жүргізілуде.