Өткен жылғы бюджеттің атқарылуы Мәжілістің қарауына енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері Мәжілістің қарауына енгізілді.

парламент
Фото: Kazinform

«Алдын ала бағалау бойынша 2023 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,1% құрады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын дамыту шеңберінде көрсетілгеннен 1,1 пайызға жоғары. Экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижеге қол жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі жоспар бойынша 14,3 трлн теңге, ол 12,9 триллион теңгені құрады, бұл 1,4 триллион теңгеге аз», - деді Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева.

Комитет төрағасының мәлімдеуінше, шығыстар бойынша атқарылу бір жылға арналған жоспарға 99,6% құрады (99,6 млрд теңге) өңірлер трансферттері 39,4 млрд теңге.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет тапшылығы 3,1 трлн сомасында қалыптасты немесе ЖІӨ-ге 2,6 %. Қаржы және бюджет комитеті көрсетілген есептер бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - дейді депутат.