Өткен жылы 9,2 млн шетелдік Қазақстанға саяхаттады

Ермек Маржықпаев
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы 9,2 млн шетелдік Қазақстанға саяхаттады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша туристік сала пандемиядан кейін толық қалпына келіп қана қоймай, саланың негізгі көрсеткіштері бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Соңғы жылы елге 9,2 млн шетелдік азамат келді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Ел ішінде 9,6 млн-нан астам отандық азамат саяхат жасады. Көрсеткіш 2022 жылдан 1 млн адамға асты. Орналастыру орындары 229 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,3 есе көп. Туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері 450 млрд теңгені құрады. 2022 жылы көрсеткіштен 64 млрд теңгеге артық», - деді министр. 

Оның айтуынша, оғарыда аталған динамика сала дамуының оң үрдістерін айғақтайды. 

«2023 жылы негізгі капиталға инвестициялар бойынша жоғары көрсеткішке жеттік. Осы кезеңде негізгі каиталға инвестициялар көлемі 787 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың 12 айымен салыстырғанда 53 пайызға артық. Сонымен қатар осы жылдың І-тоқсанының қорытындысы оң динамиканы көрсетіп, 3 есеге артты және 177 млрд теңгеге жетті. Алайда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Жетісу облыстарында теріс динамика байқалады. Көрсеткіштердің төмендеуі 7-ден 60 пайызға дейін құрады», - деді Ермек Маржықпаев.

Соңғы жаңалықтар