Өткен жылы Алматы облысында табиғат қорғау тәртібін бұзудың 462 фактісі анықталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы мәлім етті.

 Алматы облысында табиғат қорғау тәртібін бұзудың 462 фактісі анықталды
Фото: Алматы облысы ӨКҚ

Оның айтуынша, 2024 жылы Балқаш-Алакөл бассейндерінде заңсыз ауланған 8 тоннаға жуық балық, қолдануға тыйым салынған 169 балық аулау құралы және 22 қайық тәркіленген.

- Табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 10,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 34,4 млн теңгеге талап-арыз қойылды. Жалпы 438 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Инспекцияның материалдары негізінде құқық қорғау органдары 24 қылмыстық іс қозғап, бүгінгі таңда сот шешімімен 15 жеке тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін аң және балық аулағанда қандай құралдарды пайдалануға тыйым салынғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар