Өткен жылы темір жол көлігімен мұнай өнімдері көп тасымалданды

Өткен жылы темір жол көлігімен мұнай өнімдері ең көп тасымалданды
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы еліміздің аумағы арқылы темір жол көлігімен ең көп тасымалданған жүк - мұнай өнімдері. Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім етті.

«2023 жылы темір жол көлігімен жүк транзиті 27,3 миллион тоннаны құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 18 пайызға (2022 жылы – 23,1 миллион тонна) артық. Бүгінгі таңда жүктер көбінесе Қытай – Еуропа және Ресей Федерациясы – Орталық Азия бағытында тасымалданады. Ең көп тасымалданатын жүктердің көлемі – мұнай өнімдері», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, ЕАЭО туралы шарттың нормаларына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың темір жол тарифтері жүктерді тасымалдау кезінде қатынас түрлері бойынша біріздендірілген.

«Жүктерді тасымалдауға арналған тарифтер жүктердің түрлері бойынша сараланады және инвестициялық бағдарлама негізінде оларды уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілейді», - деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар