Өткен жыл Алматы үшін өнімді және серпінді болды - қала әкімі

АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен жыл Алматы үшін өнімді және серпінді болды. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов өзінің алматылықтарға және оңтүстік астана қонақтарына құттықтауында мәлімдеді.

Өткен жыл Алматы үшін өнімді және серпінді болды - қала әкімі

«Жаңа жыл күндері - туыстар мен достардың қуанышты кездесулері өтетін, отбасы ошағының жылуы бірікіретін кез. Олардың бәрі ортақ үміттермен, ортақ сезімдермен бас қосады. Бұл күндері кейінгі өткен жолымызға көз жіберіп, өткен жылдағы игі істерімізді еске алу орынды болмақ», - деді қала әкімі.

Айталық, 2012 жылы Алматыда жол-көлік инфрақұрылымы белсенді дамыды, маңызды жобалар іске қосылды. Медицина мекемелері мен оқу орындарын жаңартуға, әлеуметтік саланы қолдауға үлкен көңіл бөлінді.

«Қаланың алдағы жылға жоспарларында да елеулі міндеттер алда тұр. Біз бірлесе отырып, ойға алғандардың бәрін де сәтімен жүзеге асыратынымызға сенімдімін», деп атап өтті әкім. Ол баршаға жаңа табыстарға және жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.