Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7,1 пайызға өсті - Статистика

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында қысқа мерзімді экономикалық индикатор алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға өсті.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7,1 пайызға өсті - Статистика

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қысқа мерзімді индикатор ЖІӨ-нің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс салалары негізінде есептелінетін еске салған ол: «өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 11 трлн. 756 млрд теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көбейді. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде - 5,3, өңдеу өнеркәсібінде - 18,4, электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптауда - 4,1, сумен жабдықтауда 4,8 пайыз өсім байқалды», - деді.

Сондай-ақ агенттік басшысының атап өтуінше, өткен жылдың 12 айында ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн. 441 млрд. теңгені құраған. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайызға кем.