Өткен жылдың желтоқсанында азық-түлік бағасы 5,3 пайызға өсті - Статистика

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат -2012 жылғы желтоқсанда еліміздегі азық-түлік тауарларының бағасы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,3%-ға өсті.

Өткен жылдың желтоқсанында азық-түлік бағасы 5,3 пайызға өсті - Статистика

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Атап айтқанда, агенттіктің мәліметіне қарағанда, 2012 жылғы желтоқсанда 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға ұнға 7,6 пайызға, макарон өнімдеріне - 7,5 пайыз, балық және теңіз, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5,7 пайыздан, кофе, шай және какаоға - 5,5 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 5 пайыз өскен. Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктерге баға - 4,9 пайызға, жемістер мен көкөністерге - 4,8 пайызға, сүт өнімдеріне - 3,8 пайыз, ал нанға - 2,5 пайызға артқан. Сонымен бірге, бағаның төмендеуі жармаларға 27 пайыз, өсімдік майына - 2,6 пайыз, қантқа - 2,1 пайызға байқалды.

Бұдан бөлек, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9,5 пайыз құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 12,8 пайыз, қой етіне - 11,6 пайыз, сиыр етіне - 11,1 пайыз, жылқы етіне - 10,8 пайыз, құс етіне - 5,7 айыз, шұжық өнімдеріне - 5,1 пайызға жоғары болды.

2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының орташа бағасы

Бір келідегі баға теңгемен

2011 жылғы желтоқсанда

орташа баға

орташа

ең төмен

ең жоғары

алшақтық,

есе

қала

баға

қала

баға

Бірінші сұрыпты
бидай ұны

78

Ақтөбе

50

Ақтау

118

2,4

75

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

80

Тараз,

Орал

67

Ақтау

111

1,7

78

Вермишель

181

Қызылорда

153

Ақтау

274

1,8

168

Күріш

204

Қызылорда

137

Астана

312

2,3

204

Ұнтақ жарма

137

Қарағанды

113

Атырау

192

1,7

141

Қарақұмық жармасы

236

Павлодар

195

Астана

376

1,9

368

Сиыр еті жауырын-төс бөлігі

1176

Көкшетау

1009

Алматы

1433

1,4

1081

Сары май

1298

Көкшетау

1113

Ақтау

1761

1,6

1240

Күнбағыс майы, литр

306

Көкшетау

278

Ақтау

354

1,3

321

Шикі сүт, литр

124

Көкшетау

95

Атырау

167

1,8

114

Жұмыртқа, ондық

191

Көкшетау

156

Алматы

249

1,6

190

Картоп

71

Павлодар

58

Ақтау

97

1,7

67

Алма

253

Шымкент

173

Астана

418

2,4

234

Ақ қауанды қырыққабат

74

Талдықорған,

Тараз

60

Ақтау

129

2,2

49

Құмшекер

152

Ақтөбе

139

Семей

167

1,2

158

Шай

1500

Петропавл

1265

Алматы

2125

1,7

1423