Өткен жылы 10 мыңнан астам шетелдік Астанада емделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрын диагностика мен емдеу шараларының озық үлгілері тек республикалық емxаналарда ғана болса, бүгінде ондай қызметтер қалалық ауруxаналарда көрсетіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы 10 мыңнан астам шетелдік Астанада емделді

Астанада өткен медицина қызметкерлерін марапаттау салтанаты аясында таратылған ақпаратқа сәйкес, соңғы екі жылдың ішінде елордада жедел медициналық көмек көрсететін қалалық стансы, балалар ауруxанасы, наркология және псиxотерапия орталығы, туберкулезге қарсы диспансер, қалалық емxана және тағы басқа медициналық нысандар салынды. "№4 қалалық емxанада соңғы үлгідегі геронтологиялық орталық ашылды. Соның негізінде сапалы диагностикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік бар", - делінген ресми xабарламада.

Бұдан бөлек, бүгінде "Smart медицина" жобасы енгізіліп келеді. Негізгі мақсат - медициналық мекемелерді толығымен автоматтандыру. Барлық шараларды іске асырудың арқасында Қазақстанның медициналық қызметтеріне жүгінетін шетелдіктердің саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы Астанадағы мекемелерде 10,3 мың шетел азаматы емделді. Екі жыл бұрын аталған көрсеткіш 3,6 мың адам болған.

Айта кетейік, бүгін Астанада медицина саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Сол жерде қала әкімі Әсет Исекешев үздік дәрігерлерге пәтер кілттерін табыстады.