Өткен жылы 188,4 мың ұл, 177,8 мың қыз бала дүниеге келді - Статистика
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен жылы 188,4 мың ұл, 177,8 мың қыз бала дүниеге келді. Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның атап өтуінше, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 188,4 мың ұл және 177,8 қыз бала дүниеге келген, яғни 100 қызға 106 ұлдан келеді. Ал өткен жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда ұлдар 1,8, қыздар - 2,4 пайызға артық туылған.
Республикада 1 жасқа дейінгі 6056 (6594) бала өлімі тіркелген, олардың ішінде шетінеген ұл балалардың саны - 3483 (3757), қыз балалардың саны - 2573 (2837) құрайды. Нәресте өлімінің коэффициенті 1000 сәбиге шаққанда 16,6 (18,4) өлімді құрап отыр. Нәрестелер шетінеуінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Соның салдарынан 2010 жылдың 12 айында 3603 (4028) нәресте көз жұмған немесе барлық нәрестелер өлімінің 59,5 пайызын (61,1%) құрайды.
Өткен жыл ішінде 80,7 мың азамат және 65,2 мың әйел қаза тапқан. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ерлер 1,8, әйелдер - 1,3 пайызға артық қаза болған. Халық өлімінің негізгі себептері арасында айтарлықтай үлесті қан айналымы жүйесі аурулары алады. Олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 45,1 пайызы (46,5%) тиесілі. Жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан өлгендер саны 17,8 мың (17,5 мың), олардың ішінде кісі қолынан қаза тапқандар 1,5 мың (1,6 мың), өзін-өзі қол жұмсағандар 3,6 мың (3,9 мың) және жол-көлік оқиғаларынан мерт болғандар 3,4 мың (3,3 мың) адамды құрайды.