Өткен жылы 195570 ұл, 185435 қыз бала дүниеге келді - Статистика

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Өткен жылы елімізде 195570 ұл, 185435 қыз бала дүниеге келді. Бұл деректі ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратты.
None
None

«2012 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 381 005 босанған әйел тіркелді. Оның ішінде қалалық мекендерде - 206 198 адам, ауылдық жерлерде - 174 807 адам. Дүниеге келген ер балалардың саны 195 570 адамды (51,3%) қыз балалар - 185 435 адамды (48,7%), туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 105,5 ер баланы құрады»,- делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, 2002 жылмен салыстырғанда дүниеге келгендер саны 67,7 пайызға (ер балалар - 68,5%-ға, қыз балалар - 66,9%-ға), қалалық мекендерде - 68,5, ауылдық жерлерде - 66,8 пайызға артты.

Қазақстан өңірлері бойынша 1 000 тұрғынға шаққандағы туудың ең жоғары деңгейі Манғыстау - 30,49, Оңтүстік Қазақстан - 30,23, Атырау - 28,37 және Қызылорда - 28,10 облыстарында белгіленді. Ең төменгі көрсеткіш Қостанай - 14,93, Шығыс Қазақстан - 16,67 және Павлодар - 17,19 облыстарында байқалды.

Репродуктивті кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғандағы дүниеге әкелетін балалар санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2012ж. 2,62 құрады және 10 жыл ішінде 0,74-ке өсті (2002ж. - 1,88). Қалалық мекендерде ТЖК 2,39 (2002ж. - 1,68), ауылдық мекендерде 2,97 (2002ж. - 2,19) болды.

Соңғы жаңалықтар