Өткен жылы 31 мыңнан астам қазақстандық жоғары мамандандырылған медициналық көмекке ие болды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылы Ұлттық медициналық холдинг клиникаларында 31 мыңнан астам қазақстандық жоғары мамандандырылған медициналық көмекке ие болды, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасы Елжан Біртанов.

Өткен жылы 31 мыңнан астам қазақстандық жоғары мамандандырылған медициналық көмекке ие болды

«Өткен жылы холдинг клиникаларында 31 мыңнан астам науқас стационар деңгейінде емделсе, 600 мың адам амбулаториялық деңгейде кеңес алды», - деді Е.Біртанов.

2011 жылы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың ашылуы маңызды оқиға болды. Бүгінгі таңда холдинг құрамында 6 ұйым жұмыс істейді.

Қорыта айтқанда, кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрылымында холдинг клиникалары жоғары медициналық көмек көрсету саласында негізгі рөл атқарады.

"Көмектің қолжетімділігіне тоқталатын болсақ, холдинг клиникаларының есігі кез келген азаматқа ашық. Мәселен, басқа қаладан келіп ем қабылдаушылар саны 70 пайызға дейін көбейген, бұл Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің аясында жүзеге асырылуда", - деп түйіндеді Е.Біртанов.