Өткен жылы 800 мың ел азаматы стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды - С.Қайырбекова

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы 800 мың ел азаматы стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова айтты.
None
None

Оның атап өтуінше, науқастарға стационарларды еркін таңдау құқығын беру нәтижесінде сапалы стационарлық көмектің қолжетімділігі арта түскен. 2010 жылмен салыстырғанда мұндай құқықты пайдаланушылар саны 2,5 есеге артып, 2012 жылы 800 мың адамды құраған. Олардың 46 пайызы ауыл тұрғындары.

Сондай-ақ С.Қайырбекованың сөзіне қарағанда, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артқан, оның 56 пайызы өңірлік деңгейде көрсетілген.

Республика өңірлерінде тек 5 технологияны енгізудің экономикалық тиімділігі 415 млрд. теңгеге жетті. Бұл өз кезегіне 24 мың жағдайда өлім-жітім мен мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар