Өткен жылы Алатау ауданында ғана 178 көшеге ұлттық идеологиямызға тән жаңа атаулар берілді - Ахметжан Есімов

"Маңызды шаруаның бірі қаладағы атаулар мен көрнекті ақпараттар. Қазір Алматыдағы көше атаулары өзгеруде. Ол жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазақ халқының рухани өкілдерінің еңбегі сіңген айтулы тұлғаларының барлығы дерлік Алматы қаласында еңбек еткен. Олардың өнегелі еңбектері мен шығармашылықтары насихатталып отырады", - дейді А. Есімов. Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, көрнекті тұлғалардың арамызда жоқтарының да аты ардақталып, ескерткіштері тұрғызылып, есімдері көшелерге беріліп құрмет көрсетілуде. Қазір қала бойынша мемлекет және қоғам қайраткерлеріне орнатылған ескерткіш тақталар саны - 109. Келіп жатқан ұсыныста шек жоқ. "Өте көп келіп жатыр. Сондықтан жауапты құрылымдар мен онамастика комиссиясы бұған қатты мән беруі қажет деп ойлаймын", - деді қала басшысы А. Есімов.