Өткен жылы Алматы кеденшілерінің көмегімен 70 қылмыстық және 697 әкімшілік іс қозғалып, 48 млн. теңге көлемінде айыппұл төленген

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Тауарлар мен көлiк құралдарының заңсыз тасымалдануына бағытталған былтырғы күрес шаралары үлкен нәтижелерге қол жеткізді.
None
None

Қорытындысында 70 қылмыстық және 697 әкімшілік іс қозғалған. 48 млн. теңге көлемінде айыппұл төленіп, 30 млн. теңгенің тауары тәркіленген. Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігіне Алматы қаласы кеден бақылау департаментінің халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Ғазиза Қуандықова мәлім етті.

Сонымен қатар өткен жылы шетелдік ірі валютаны, зергерлік бұйымдарды және есірткі заттарын заңсыз кіргізіп, шығарған жағдайлар айқындалған. Алматыдағы халықаралық әуежайдан 2010 жылы декларацияланбаған немесе шекаралық кеденнен алып өтуге шектеу қойылған 696 мың АҚШ долларынан аса және 173 мың еуро, 40 мың қытай юаны мен басқа да шетелдік валюталарды алып өтпек болған оқиғалар тіркелген.

Сондай-ақ 62 келіден аса зергерлік бұйымдар, 393 түрлі коллекциялық тиындар, сегіз аң терісінен жасалған заттар мен кымбат металдан жасалған алты коллекция түріндегі қару тәркіленген. Оған қоса, қауіпсіздік органдарының арнайы рұқсатын талап ететін бейнекамерасы бар техникалық заттарды алып өту жағдайы да тіркелген.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2010 жылдың қорытындылары бойынша Алматы қаласы бойынша кеден бақылау департаментi кедендік төлемдер мен салықтан алты миллиард теңге көлемінде қаражат түсіріп, ҚР қаржы министрлiгiнiң жоспарлы тапсырмасын асыра орындаған.

Соңғы жаңалықтар