Өткен жылы Астанада 9 мың жүргізуші куәлігінен ажырап, 375 адам ереже бұзғандары үшін 10 тәулікке қамалған

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы Астана қалалық Жол полициясы басқармасының қызметкерлері 230 мыңнан астам жол ережесін бұзу әрекеттерін анықтады.
None
None
Бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 58,8 пайызға көп. Осы туралы бүгін осы мәселеге байланысты журналистермен брифинг өткізген Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Айдар Совет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, көлікті мас күйінде жүргізіп, ұсталғандар 7 мыңнан асады. Бұл көрсеткіш алдындағы жылдан 59,9 пайызға артық. «Сондай-ақ өткен жылы елордада 195 мың жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылып, мемлекет қоржынына 396 миллион теңге қайтарылды. Ал 9 мың жүргізуші куәліктерінен айырылды. 10 тәулікке қамауға алынғандар 375 адамды құрады» деді басқарма төрағасының орынбасары.Оның мәліметтері бойынша, Жол полициясы басқармасының процессинг орталығының мәліметтері негізінде 54 мың жүргізушіге жылдамдықты шектен тыс асырғандығы жөнінде арнайы ескерту қағазы жіберілген. «Осы орайда айта кететін мәселе биылғы жылдың қаңтар айының 1-інен бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі ұлғайды. Өткен жылы оның мөлшері 1 мың 168 теңге болса, биыл ол 1 мың 273 теңгені құрап отыр. Соған сәйкес, енді жол ережесін бұзғаны үшін салынатын ең төменгі айыппұл көлемі, яғни 5 айлық есептік көрсеткіш өткен жылы 5 мың 840 теңгені құраса, биыл ол 6 мың 365 теңгеге жетті» деді А.Совет.
Соңғы жаңалықтар