12:14, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
Өткен жылы Астанаға 100 мың шетелдік турист сапарлады - Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр елордаға 100 мың шетелдік турист келді. Бұл туралы бүгін «Астана Опера» театрында елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Тек өткен жылы қалада бір миллион жүз мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Бұл жоғары көрсеткіш. Бір жылда төрт мектеп, сегіз балабақша, амбулаторлық-емханалық корпус пайдалануға берілді. Бірегей нысандардың арқасында қала ірі мәдени, спорттық, сауда, туристік орталыққа айналды», - деп тоқталды Елбасы.
Осы орайда Мемлекет басшысы былтыр Астанаға бір миллион турист келіп, оның жүз мыңы шетелдіктер екенін атап өтті.