Өткен жылы ел тарихында бұрын-соңды реставрация көрмеген бірқатар тарихи ескерткіштер қалпына келтірілді
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен жылы ел тарихында бұрын-соңды реставрация көрмеген бірқатар тарихи ескерткіштер қалпына келтірілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, жалпы алғанда 2009 жылдың басынан бері 12 қолданбалы, ғылыми, 49 археологиялық зерттеу жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ 26 тарихи-мәдени ескерткіштті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. «Ел тарихында бұрын-соңды реставраторлардың қолы тимеген талай тарихи маңызды архитектуралық ескерткіштерді жөндеу жүзеге асырылды», деді ведомство басшысы.
Министр сонымен қатар "Қазақтың дәстүрлі мың күйі, мың әні» атты бірегей жобалардың қолға алынғанын атап өтті. «Бұл да біздің ұлт мәдениеті тарихындағы ең үлкен жобалардың бірі деп толық айта аламын», деп атап өтті М. Құл-Мұхаммед.