Өткен жылы елде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 2 мыңға жақындады - Статистика агенттігі

СТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2003 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың саны біртіндеп өсе бастады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен он-лайн конференцияда Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1991 жылы Қазақстанда 8 мың 581 тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар қызмет жасаған. «Өкінішке қарай, Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар саны қысқарып кетті. Яғни, Тәуелсіздіктің басынан 10 жылдың ішінде осындай ұйымдардың саны 8 есеге азайып, 2001 жылы 1 мың 103-ті құрады»,-деді агенттік басшысы.

Ә. Смайыловтың сөзіне қарағанда, балабақшалардың қысқаруы бюджеттік қаржыландырудың жетіспеуінен болған. Сонымен бірге ведомстволық мектепке дейінгі ұйымдарының жабылуы да орын алған. «Ұйымдар мен кәсіпорындар тиісті қаржы көлемін бөлмегендіктен, балабақша саны қысқара бастады»,-деді ол.

Агенттік төрағасы 2003 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың саны біртіндеп өсе бастағанын айта келе: «Мәселен, 2002 жылмен салыстырғанда 2009 жылы мектепке дейінгі ұйымдар 751-ге артқан. Соның нәтижесінде былтыр тұрақты балабақша 1 мың 852 -ге жетті», деді.

Ә. Смайыловтың айтуынша, 2008 жылы 5-6 жас аралығындағы балалардың 61 пайызы мектепке дейінгі дайындықпен қамтылған.

«Ал 1998 жылы бұл көрсеткіш 3 есеге кем болды, яғни 20 пайызды құрады»,-деді ол.

Айта кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын жетіспеушілігін төмендету мақсатында «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты ел өңірлеріндегі бұрынғы балабақша ғимараттары білім жүйесіне қайтарылып, бұдан бөлек жаңа нысандар да салынуда.

Соңғы жаңалықтар