Өткен жылы елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 трлн. теңгені құрады - Серік Нокин

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 трлн. теңгені құрады.
None
None

Нақты көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 101 пайызға орындалды. Бұл мәліметтерді бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Оның деректері бойынша, аталмыш саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 7,6 пайызды, ал онда жұмыспен қамтылған адамдар саны 7 пайызды құрап отыр. «Өткен жылды тұрғын үйді пайдалануға беру шаралары 103 пайызға орындалып, 6,4 млн. шаршы метрді құрады. Барлық қаржы көздері бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына 317 млрд. теңге инвестиция бөлінді. 2009 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 97,9 пайыз болып отыр»,- деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар