Өткен жылы елімізде өндірілген мұнайдың 36 пайызы отандық компанияларға тиесілі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстанның мұнай-газ саласына 10 млрд. доллар инвестиция тартылды.

Өткен жылы елімізде өндірілген мұнайдың 36 пайызы отандық компанияларға тиесілі

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттардың сауалына жауап берген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай деді.

«Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндірудегі Қазақстан үлесі 36, АҚШ үлесі 25, қытайдікі 23, ресейдікі 6 пайызды құрады. Яғни, негізгі үлес осы елдерге тиесілі», - деді ол.

Ұ.Қарабалин өткен жылы еліміздің мұнай-газ саласына құйылған инвестицияға да тоқталды. Дегенмен оның нақты есебі әлі шығарылмағанын айтқан оның сөзіне қарағанда, министрлік есебіне сәйкес мұнай-газ саласына өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 10 млрд. доллар төңірегінде болып отыр.

«Оның ішінде негізгі инвестиция Америка, Қытай және Еуропа елдеріне тиесілі», - дейді министр.