Өткен жылы елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 пайызға жоғарылады

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 пайызға жоғарылады.

Өткен жылы елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 пайызға жоғарылады

Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2009 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда көмір мен лигнитті, шикі мұнайды, табиғи газды, темір кенін өндіру артта түскен.

Сонымен қатар тамақ және мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің, құрылыс материалдарының, тоқыма және ағаш бұйымдарының, химия, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі жоғарылаған.

«Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалса, төмендеуі Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында тіркелді», - делінген баспасөз хабарламасында.