Өткен жылы елімізде жол-көлік оқиғаларының саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылы жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 425 адам мерт болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының 6 (13 930-дан 14 834-ее дейін), оларда қайтыс болған азаматтардың 7 (2 270-тен 2 425-ке дейін) және жараланғандардың 6 пайызға (18 096-дан 19 135-ке) өсуіне жол берілген. Талдау көрсеткендей, жолдардағы апаттылықтың статистикалық көрсеткіштерінің нашарлауы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезеңінде бұрын енгізілген шектеулер, оның ішінде көлік құралдарының қозғалысы аясында орын алды. 2019 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны шамамен 11 (16 614-тен 14 834-ке дейін), жараланғандар 14 (22 180-ден 19 135-ке дейін) қысқарды. Қайтыс болғандар саны іс жүзінде сол деңгейде (+0,8%, 2 405-тен 2 425-ке дейін) қалды», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.

Оның дерегінше, соңғы жылдары еліміздің автопаркінің саны өсіп келеді. Бүгінгі күні республикада 4,7 млн көлік құралы бар.

«Барлық жол-көлік оқиғасының 75 пайызға жуығы елді мекендерде орын алады. «Өлімге әкеп соғатын» жол-көлік оқиғасының жартысына жуығы қала сыртындағы трассаларда (2 592 ЖКО, оларда 1 108 адам қайтыс болып, 4 201 адам жараланды) болады. Әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы, қайтыс болған және жараланған әрбір төртінші адам жаяу жүргіншілерге тиесілі. Жол-көөлік оқиғасының негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдық режимдерін асыруы және жаяу жүргіншілердің Жол жүрісі қағидаларын бұзуы болатындықтан, полиция тиісті ден қою іс-шараларын күшейтті», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар