Өткен жылы елордадағы техникалық тексеруден өткен көліктердің 43 мыңынан түрлі ақаулар анықталған

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы Астанадағы көліктердің 89,6 пайызы техникалық тексеруден өтті.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Айдар Совет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қазіргі таңда елордада 201 мыңнан астам көлік тіркелген. Ал өткен жылы оның 180 мыңы техникалық тексеруден өткізілді. Тексерулер барысында көліктердің 43 мыңынан түрлі ақаулар анықталған. «Тексерілген көлік иелерінің 41 мыңының иесі заңды тұлғалар, ал 139 мың азамат жеке тұлға болып табылады. Тексеруден өту тәртібі бұрынғы талаптарға сай жүргізілуде. Яғни, жүргізуші техникалық тексеруден өтуге міндетті. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру барысында көліктің техникалық негіздемелері көрсетілген паспорты мен жүргізуші куәлігі болуы керек», деді басқарма төрағасының орынбасары. Сондай-ақ ол Жол полициясы басқармасына қарасты диагностика стансасының қызметкерлері өткен жылы 800-ден астам ереже бұзу әрекеттерін анықтағанын жеткізіп, «техникалық жағынан ақаулары бар көлікті пайдалануға жібергені үшін 68 азамат әкімшілік жауапқа тартылды» деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар