Өткен жылы елорданың Алматы ауданында 42 үйдің шатыры жөнделді

деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік өткен жылы энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстардың тұрақтылығын сақтау үшін бірқатар шаруалар атқарды. Атап айтқанда, 42 тұрғын үйдің шатыры жөнделді, 44 үйдің жылумен жабдықтау жүйесі ауыстырылды, 21 үйде жаңа жылыту құралдары орнатылды, 141 кіреберіс жөнделді, терезелері ауыстырылды, бейнебақылау камералары орнатылды, 63 тұрғын үйдің сумен жабдықтау және кәріз жүйелері ауыстырылды, 86 үйдің электр жүйесі жөнделді.
Елбасы мен қала әкімінің тұрғындармен қарым-қатынасты нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, ПИК төрағаларын бағалауға қатысты тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. 85 ПИК төрағасы жұмысын ойдағыдай атқарған, 18 төрағаның үстінен шағым түсті, 4 төраға жұмысынан босатылды.
«Бұл жұмыс биыл да жалғасады, сондықтан барлық тұрғындарды белсенді болуға шақырамыз», - дейді әкімдік қызметкерлері.