Өткен жылы кабельді шахталар мен жаңа көпқабатты тұрғын үйлерде 8 өрт оқиғасы орын алды ? Астана қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2008 жылы Астана қаласында кабельді шахталар мен жаңа көпқабатты тұрғын үйлерде 8 өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жұмабай Ескендіров мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Талдау нәтижелері көрсеткендей, электр кабельдерін жөндеу, сондай-ақ қолданылып отырған материалдар мен жабдықтар тиісті нормаларға сәйкес келмейді. Өрттер сонымен қатар, нысандардың құрылысын жүргізу кезінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау тарапынан тексерістің толыққанды жүргізілмеуі салдарынан да орын алып отыр. Өткен жылы Астана қаласында тұрғызылып жатқан барлық жаңа ғимаратқа бұл қадағалауды тек екі маман ғана жүргізді. Бұл құрылысы қарқын алған мегаполис үшін жеткіліксіз екені айдан-анық. Осы себепті қала аумағында, құрылыс және басқа да ұйымдардың жазығынан электр жеткізу жүйелерінің 198 апаты орын алды», - деді департамент бастығы. Сонымен қатар Ж.Ескендіров, Сәулет және қала құрылысы басқармасының үйлердің арасына сығылыстырып түрлі құрылыс нысандарын салуға рұқсат беру тәжірибесі де қынжылтатынын тілге тиек етіп, бұл үдеріс өртке қарсы техникаларды үй аулаларына кіргізуге үлкен кедергі келтіріп отырғанын айтты. «Өрт қызметінің дер кезінде әрекет етуі ? адам өмірін сақтап қалудың бірден-бір кепілі», - деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар