Өткен жылы қаржы жүйесі дағдарысының тереңдеуіне жол бермеуге бағытталған икемді фискалды саясат жүргізілді ? Үкімет есебі

АСТАНА. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық жағдайларында 2008 жылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ұлттық экономиканың өсу қарқынының күрт түсуіне және қаржы жүйесі дағдарысының тереңдеуіне жол бермеуге бағытталған икемді фискалдық саясат жүргізілді.
None
None
Парламентке 2008 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебін ұсынған Үкімет осындай қорытынды жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елбасының 2008 жылғы Жолдауында жүктеген елдің дамуы жаңа сатысының негізгі міндеттерін шешу тапсырмаларына сәйкес, орта мерзімді кезеңге фискалдық саясаттың негізгі бағыттары нақтыланды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді басымдықтар сақтала отырып Үкімет былтырғы жылғы республикалық бюджетке теңгерімделген экономикалық өсумен басқару саясатын іске асыруға бағытталған өзгерістерді екі мәрте енгізді. Мұндай өзгерістердің негізгі мақсаты - макроэкономикалық тұрақтылықты қолдай отырып, іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталды», делінген Үкімет есебінде. Сонымен бірге, атқарушы биліктің есебіне сәйкес, 2008 жылы республикадағы экономикалық белсенді халық саны 7,9 млн адамды құраған. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 7,7 млн.-дық көрсеткіш деңгейінде еді. Бұл ретте 2008 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 60 мың 734 теңгеге жеткен. Ал еңбек нарығындағы жағдай бойынша 2008 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздардың деңгейі 6,6 пайызды құрады. Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі Үкіметтің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қатысты маусымның 10-ына дейін өз қорытындысын жариялайтын болады.
Соңғы жаңалықтар