Өткен жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 4 пайызды құрады - Статистика агенттігі

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - 2009 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 4,0 пайызды құрады.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Қазіргі уақытта инновация енгізілген кәсіпорындардың саны 399 бірлікке жеткен. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында (инновациялары бар кәсіпорындардың жалпы санының 37,8 пайызы) орналасқан. Ал бұл көрсеткіш Қарағандыда - 14,0, Шығыс Қазақстанда - 11,8, Павлодарда - 4,8, Ақтөбеде - 4,0, Оңтүстік Қазақстанда - 3,8 және Астана қаласында 3,8 пайызды құрайды. Инновациялық өнімдердің көлемі 82597,4 млн.теңге болса, 13854,6 млн. теңге сомасына инновациялық сипаттағы қызметтер көрсетілген.

«Талданып отырған кезеңде технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы шығындар 61050,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде 78,2 пайызы шығындар технологиялық инновациялармен байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, 12,0 пайызы өндірістік үрдістерді, жаңа өнімдерді зерттеуге және әзірлеуге, ал 2,1 пайызы жаңа технологияларды сатып алуға бағытталды», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар