Өткен жылы Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік тікелей инвестицияның көлемі 20 млрд. долларды құрады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік тікелей инвестицияның көлемі өткен жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 миллиард долларды құрады.
Бұл жайлы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыдағы ҚР Президенті резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан біз былтыр тікелей шетелдік инвестиция тартуда абсолюттік рекордқа қол жеткіздік. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққанда ол 20 миллиард доллар көлемінде болды. Ал нетто негізде ? 14,5 миллиард доллар болып, шетелдік таза инвестиция ЖІӨ-нің 12 пайызын құрады», - деді Григорий Марченко. Оның айтуынша, шетелдік инвестиция тартудың рекордшысы саналатын Қытайда ол өткен жылы 5,5 пайыз болған.