Өткен жылы Қазақстанға қанша турист келді
«Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылы елімізге 8 488,3 мың адам келді, бұл 2017 жылға қарағанда 10,2% жоғары және 2015 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, өсім 32%-ды құрап отыр», - дейді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, БАӘ (50%), Үндістан (49%), Малайзия (44%), Гонконг (22%), Польша (16%), Оңтүстік Корея (15%) және АҚШ (5,8%) елінен келушілер санының артқаны байқалады. Сонымен қатар, Германия, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдер азаматтарының келу көрсеткіші тұрақты деңгейде сақталған.
«2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сыртқы туризм 10%-ға және ішкі туризм 5%-ға өсті», - деді Р. Күзембаев.
Сонымен қатар, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы маркетингтік коммуникация тиімділігін арттыру үшін Мемлекет басшысы атап көрсеткен үздік туристік аумақтарды ілгерілетуге ерекше көңіл бөледі. Олардың қатарында Алматы тау кластері, Астана, Щучинск-Бурабай шипажайы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалқар-Имантау курорттық аймағы бар.