Өткен жылы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,9 пайызға өсті - Статистика
АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,9 пайызға өсті,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ өткен жылы тұрмыстық қызмет көрсету, сервис орындарын жалға беру бағасы 5,5, қойма жайлар - 3,7, өндірістік жайлар - 3,4, сауда орындары 3,3 пайызға қымбаттаған.
2013 жылы бағаның ең көп өсімі мына салаларда тіркелді: фотосалондарды жалға беру - 17,1, бильярд залдары - 10,8, дәріханалар - 9,1, өнеркәсіптік базалары - 6,3 пайыз.