Өткен жылы ҚР кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты 164 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – 2008 жылы ҚР кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты 164 қылмыстық іс қозғалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректеріне сілтеме жасап. «Комитеттің 2008 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі бойынша жұмыстарының қорытындыларына жасалған талдау өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылық қылмыстарын ашуда оң өзгерістерді көрсетіп отыр», ? делінген баспасөз баянында. Мысалы, әр екінші қылмыстық іс (96) ? өз күштерімен және 68-і ? басқа құқық қорғау органдары: 35-ін ? ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 30-ын қаржы полициясы, 2-еуін ? ҚР Ішкі істер министрлігі, 1-еуін ? прокуратура қозғаған.Теріс себептермен кеден органдарынан 62 қызметкер босатылды (2007 жылы ? 47), олардың ішінде сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылық қылмыстары ? 23.Баспасөз баянында хабарланғандай, тауарлар тасымалын бақылаудың қағазға түсірілген құжаттарын кезең-кезеңмен алмастыру бөлімі бойынша Кеден кодексіне өзгертулер енгізу қарастырылып жатыр. Бұдан басқа, алыстан бақылауды жүзеге асыру (ғарыштық навигация) үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу мен пайдалану бөлімдеріне де өзгерістер енгізу қарастырылуда. «ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөліктерді өткізу бөлімдерінде жеке тұлғаларға қатысты бақылау жүргізу және мемлекеттік органдардың өзара әрекеті жөніндегі нұсқаулықтың жобасы жасалды және ол келісілуде», деп хабарлайды Кедендік бақылау комитеті.
Соңғы жаңалықтар