Өткен жылы Қытайдан Қазақстанға 4 млн сәлемдеме жіберілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдан Қазақстанға сәлемдемелер жеткізу уақыты екі есеге қысқаратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ-ға сілтеме жасап.
None
None

Бүгін Қытайда «Қазпошта» АҚ мен China Post Group өкілдері арасында тиісті шартқа қол қойылды.

«Электронды коммерция нарығының әлемдегі жыл сайынғы өсімі 30%-дан астамды құрайды және мұнда негізгі қарқын қытай интернет-алаңдарына тиесілі. Қазақстанға келетін поштаның жалпы көлемінің 30 пайыздан астамы қытай сәлемдемелерінің үлесінде және олардың саны жылдан-жылға артып келеді. Егер 2014 жылы олардың саны 2,5 млн. дана болса, 2015 жылы 3,6 млн. данаға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылы 4 млн. дананы құрады. 2017 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пошта көлемінің 2 есе өскендігін белгіледік, яғни 0,8 млн.-нан 1,6 млн данаға», - деп атап өтті «Қазпошта» басшысы Сакен Сарсенов.

«Сәлемдемелерді жеткізу мерзімі тұрғысында да дамуға ниеттіміз және сервис сапасын арттыру үшін қытай тарапына мерзімді екі есеге қысқартуға ұсыныс жасадық. Яғни ҚХР-дан қабылданған сәттен бастап, ҚР-ға жеткізілгенге дейін шамамен 18 күн болмақ», - деді ол.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Үлкен жиырмалық»  елдері саммитінде ҚХР басшысымен екі ел ынтымақтастығын тереңдету жөнінде, атап айтқанда, Жібек жолы экономикалық белдеуін құру туралы идеясын айта отырып, елдердің транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы екіжақты кездесу өткізген болатын. Осы орайда айтып өткен жөн, Жібек жолы белдеуін жаңғырту жөніндегі осы бастама еліміздің транзиттік әлеуетін толықтай ашуға бағытталған Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен үндеседі.   

Соңғы жаңалықтар